Бітірушілерге

Автор: admin от 14-05-2016, 02:42, посмотрело: 184

0 Мектеп бітірушілерге кеңестер
Мектеп бітірушілерге арналған психологиялық кеңес.
1. Тестке кіретін кезде өзіңе сенімді бол. 2. Тестке барарда, алдын-ала өзіңді-өзің іштей тыныштандыруға дағдылан. 3. ҰБТ-ке кіретін кезде қобалжыма, өз ойыңды жинақтап, ең жақсы меңгерген пәніңнен баста. 4. Тестілеу барысында, ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп ойлама, керісінше өзіңе жеңіс картинасын суретте. 5. Сағат 3,5 (үш жарым) сағат уақыт беріледі, сол уақытыңды тиімді пайдалан. 6. Біреуден көмек болар деп жалтақтама, өзіңе сен. 7. Қайта жаңғырту арқылы оқығаныңды есіңе түсір. 8. Жеңілден ауырға деген принцип бойынша, алдымен толық білетініңді белгіле. 9. Тестке барарда өзіңе ыңғайлы киіміңді киін. Іске сәт құрметті мектеп бітіруші түлектер!
Емтихан қарсаңында:
• Тестке 1 күн қалғанда жақсылап ұйықтап демал. Таза ауада достарыңмен, ата-анаңмен серуенде. • Тест күні күндегіден ерте тұру керек. - салқын сумен жуыну керек. - гимнастикалық жаттығулар жасау керек. - дұрыстап тамақтану керек. • Тамақтану үлгісі: - аса майлы тамақ жеуге болмайды немесе мүлдем тамақтанбауға да болмайды. - жеңіл көкөністен жасалған тағамдар жеген дұрыс. • Қатты қобалжығандықтан сендерде тәбеттің болмауы мүмкін бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды. • Емтихан бұл - өмірлік күресте өз мүмкіндігіңді, қабілетіңді көрсете білу. • Емтихан тапсыратын жерге кешікпей жарты сағат ерте баруың керек. • Емтиханда 3,5 (үш жарым) сағат отыратыныңды ұмытпа, қажетті құралдарыңды алып кел. • Ойыңды жинақта! Бланкті толтырғаннан кейін, өзіңе түсініксіз жағдайларды анықтағаннан соң, ойыңды жинақтап және айналаңдағыларды ұмытуға тырыс. • Сен үшін тек қана мәтін тапсырмасы, сағат және тестті орындау регламенттік уақыты болуы керек. Уақыттың қаталдығы сенің сапалы жауаптарыңа әсер етпеу керек. Жауап жазар алдында сұрақты екі рет қайталап, және өзің дұрыс түсінгеніңе, сенен не керектігіне көзіңді жеткіз. • Ең оңайынан баста! Көп ойланатын сұрақтарға тоқталмай, өзіңе оңай деген сұрақтардан баста. Содан кейін сен тынышталасың, басың анық және жақсы жұмыс істей бастайды, жұмыстың ырғағына кіресің. Есіңде сақта: мәтінде сен міндетті түрде орындай алатын сұрақтар табылады. Қиын сұрақтарға көп уақыт жетпей қалғаннан, керекті ұпай жинай алмасаң – ол ұят. • Тапсырманы аяғына дейін оқы! Асығыстық жасамай тапсырманың шарттарын түсінуге тырыс. Оңай сұрақтардан қате жіберу осы әдіске тікелей байланысты. • Алдыңдағы тапсырманы ғана айла! Жаңа тапсырманы көргенде өтіп кеткен қиыншылықтарды ұмыт. Тесттегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес. Сондықтан бір сұраққа қолданған білімің 2-ші сұраққа көмектеспейді. Психологиялық эффект мына кеңесті саған ұсынады - өткен тапсырмадағы сәтсіздікті ұмыт. Әр жаңа тапсырма, ұпай жинауға берілген мүмкіндік деп ойла.
ҰБТ-ке қатысу! Психологиялық кеңес. Аффирмация
Аффирмация – (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады). • Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады. • Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады. • Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда. • Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда. • Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді. • Мен андай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін. • Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда. • Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын. • Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын. • Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.
Түлектерге ақ тілек!
Ақ арманның қанатын қаққанда, Сәттілік нұрын шашсын жолдарыңда. Жан-жағыңа әрдайым бақыт тұнып, Бастарыңа қонсыншы бақыт күліп. Үлкен арман қай кезде де жол табар, Кезің келді намыс жүгін арқалар. Қадамдарың сәтті болсын әр дайым, Әр қайсысың ойдағыдай бал алып, Тек жеңіспен жарқырасын маңдайың.

Категория: Бітірушілерге

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *