» » Байтұрсынов ЖОМ КММ

 
 
 

Байтұрсынов ЖОМ КММ

Автор: admin от 14-02-2017, 04:58, посмотрело: 250

0

Байтұрсынов ЖОМ КММ

 



 

Құрметті оқушылар!

Қ.Р президенті Н. Ә Назарбаев  Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өткен. Осы бағдарлама аясында біздің түлектеріміз заман талабына сай компьютермен жабдықталған интернет залын сыйға беріп отыр. Бұл мектеп оқушылары мен аудан жұттары үшін жасаған үлкен игі іс болып тұр.

         Елімізде «Цифрлық  Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаның басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру, әрі ұлттың экономикасын цифрландыру. Негізі былтыр қаланған осынау жобасы мемлекет басшысы осы жылғы халқына арналған жолдауында ерекше атап өткен. Жалпы, мұның  барлығы халықтың қуанышты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екені белгілі. Ақпараттық технологиялардың қарқынданып бара жатқан мына заманда біздің өлке де, мектеп те заман талабына сай болуы тиіс.

         Осы мақсатта түлектер сіздер үшін «Қазақстандық Ұлттық электронды кітапханасы» порталының таныстырылымын өткізді.

         Аталған іс – шараға «Қазақстанның 100 жаңа есімі жобасының» жеңімпазы, Қ.Р Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының міндетін атқарушы Жолдыбалинов Нұржан Нұрланұлы, А. Байтұрсыновтың жиен немересі Байсалова Айман Кабиденқызы, Қ.Р мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Республикалық Кітап палатасының бас директоры жазушы Әлібек Асқаров, сонымен бірге Ұлттық сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығының директоры Садуов Асылхан Жұмабайұлы, А. Байтұрсынов мұражай үйінің директоры – Имаханбет Райхан Сахыбекқызы осы сіздер отырған жерде болып, электронды кітапхана туралы толықтай мәлімет беріп отырып, алаш ардақтысы А. Байтұрсыновтың өмірінен, бүгінгі ұрпақтары туралы деректер берді.

         Сыйға тартылған кітаптардың жалпы саны – 209 . Берілген шкітаптардың мазмұнына тоқталар болсақ, мұражай – кабинетіне А. Байтұрсыновтың құнды кітаптары, Елбасының «Елмен сырласу», «Ғасырлар тоғысында» атты кітаптар, І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы, сонымен қатар көқптеген ақын – жазушылардың құнды кітаптары сыйға тартылды.

 Мұғалімдер мен оқушыларға жұмыс жасау үшін «Қазақша – орысша сөздік» , «Арабша – орысша сөздік», «Заң терминдері мен ұғымдарының қазақша - орысша – ағылшынша, орысша – қазақша – ағылшынша, ағылшынша – орысша - қазақша» сөздігі, «Заң терминдерінгің сөздігі, қазақша – орысша, орысша – қазақша » терминологиялық сөздіктері, қазақтың эпостық жырлары «Қазақтың 1000 күйі» атты құнды кітаптармен қамтылған.

Құрметті оқушылар, бұл кітапхананы әрқайсысымыз тиімді пайдалана білумен бірге, бұл игілікті істен сіздер мен біздер үшін ғана емес, бүкіл аудан тұрғындарына арналған құнды сыйлық , бағалы тарту екенін бағалай білейік!

 

Дайындаған:  мектеп директоры  Г. Сауырбаева.

 


 

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *